Жұматай Жақыпбаев қазақ поэзиясына өзгеше өрнек әкелген ақын. Әсіресе, ғашықтық ғазалдарымен әдебиет әлемін айрықша із қалдырды. Жер жәннаты Жетісуда туып, мұқым қазақтың аяулы ақынына айналды.
ҰЛЫҚБЕК БЕКҰЗАҚҰЛЫ- ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
«Қазақтың бәрі сыйсада Қазақтың бәрі сыйса деп аштым айқара, Құшағым менің, ерлігін жердің қайтала» деп қазақ поээзиясына Алашқа белгілі ақын
Жұматай Жақыпбаевтың поэзиясы жайында сөз қозғағанда, мәңгілік музасы Ләйләні айтпай кету мүмкін емес. «Ләйлә – Жұматайдың музасы ғана емес, жер басып, төс керіп жүруіне негіз болған ауасы секілді» дейді әдеби орта өкілдері.
Ақын өзгелер секілді өндіріп жазған жоқ. Там-тұмдап болса да, шоқтығы биік шығармалар жазды. Ол тоқсан тарау тіршіліктің толқынында тағдырдан биік тұруға үйренген үлкен жүректі ақын. Жыр сүйер жұрт бар да, оның шығармалары мәңгілік жасай бермек.