#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #байқоңыр#прокуратура

Байқоңырда «Заң және тәртіп» акциясы аясында профилактикалық іс-шара басталды. Прокуратура өкілдері қаладағы бірнеше мектеп пен колледжде болып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Айта кетейік, былтыр Байқоңырда жасөпірімдер арасында 4 қылмыстық іс орын алған. Мамандарды әсіресе топтық төбелес пен бұзақылық қылмыстар алаңдатып отыр. Құқық қорғаушылар жастармен кездесу барысында интернеттегі агрессияның балалар психологиясына әсері туралы айтып, кибербуллингтің белгілері туындаған жағдайда көмекке жүгіну жолдарын түсіндірді. Аталған акция жыл соңына дейін жалғасады.