#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар#президент#министр
Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Астанаға ресми сапармен келген дипломатқа ілтипат білдіріп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті. Былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдердің өз деңгейінде іске асырылып жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Тараптар сауда-экономикалық, инвестиция, энергетика және банк секторларында өзара байланысты тереңдетудің жолдарын талқылады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мажар қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Петер Сийяртоны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.