#qyzylordatv #news #қызылорда #жаңалықтар #спорт #өскемен#қазақкүресі
Спорт жаңалықтары. Өскеменде өтіп жатқан қазақ күресінен жасөспірімдердің ел біріншілігінде сырбойылық спортшылар жақсы нәтиже көрсетуде. Әзірге жерлестіріміздің еншісінде 1 алтын, 1 қола жүлде бар.
Алтын медальді жарыстың алғашқы күнінде 46 келіде өнер көрсеткен Нұрлыжан Қалмағанбет жеңіп алды. Қола медаль 42 келі салмақ дәрежесіндегі палуан Нұрасыл Қыдырқожаевқа тиесілі.
Жалпы, Шығыс Қазақстандағы ел біріншілігінде өңір намысын 50-дей спортшымыз қорғап жатыр. Оларды тәжірибелі бапкерлер Аязбек Шүкір мен Мейірхан Қожанов жаттықтырады. Ал, боз кілем бәсекесі 21 ақпанда аяқталады.