«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Жосалыда техникалық және кәсіби білімге басымдық беріліп жатыр. Қазірдің өзінде аудандағы аграрлы-техникалық колледжде 500-ге жуық жас кәсіптік-техникалық бағытта білім алуда.

 Жосалы кентінің тұрғыны Нұрайым Марат бұған дейін дизайнер мамандығын бітірген. Десе де, сән саласынан өзіне лайықты жұмыс таппаған. Енді ол тігіншілікке оқып жатыр.

 НҰРАЙЫМ МАРАТ – СТУДЕНТ

//Өзім осы мамандықты таңдап келдім. Бұған дейін осы колледжде тігінші мамандығы бар екенін естіп жүрдім. Қазір, осында оқып жатырмын. Заманауи тігін машиналарымен қамтамасыз етілген. Тігінші болып жұмыс жасаймын алдағы уақытта//

 Колледжде өнеркәсіп және аграрлық сала бойынша мамандар даярлауға басымдық берілген. Іргелі білім ордасының ерекшелігі – болашақ маманды даярлауда оқу процесін өндіріспен байланыстыруы. Сондай-ақ жылдан жылға материалдық техникалық базасы жаңғыртылып, білім алушыларға жағдай жасалуда. Мәселен, ағаштан жиһаз бұйымдарын жасап, темірден түйін түйетін шеберлер соңғы үлгідегі технологияларды пайдаланып жатыр. Осы жабдықтар арқылы олар өз ісіне бейімделуде.

ӘЗИЗ ДОСБОЛОВ – ҚАРМАҚШЫ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

//8 мамандық бойынша колледжде мамандар дайындалып жатыр. Электриктер, дәнекерлеу ісі, автомобиль жөндеу, ауыл шаруашылығы, тігін өндірісі, тамақтандыруды ұйымдастыру, ветеринария. Республикамызға қажетті мамандықтар бойынша біздің түлектер абыройлы жұмыс жасауда//

Колледждің өзара келісімге келген әлеуметтік серіктестік мекемелері бар. Сондай - ақ, колледж шәкірттеріне кәсіби мамандардан тәлім алуға жағдай жасалған. Апта сайын студенттер әр саланың тәжірибелі мамандарымен кездесіп, олардан кәсіби тұрғыда кеңес алып, біліктілігін арттырып тұрады.

КЕРЕКЖАН ҚҰЛМЫРЗАЕВ – АРДАГЕР ҰСТАЗ

//Психолог болып, мұғалім болып жұмыс жасадым. Осы салада істелген істерді, атқарылған жұмыстарды, қандай игіліктері болы осылардың бәрін балдарға түсіндіріп айттық. Еңбек етсе әрқашан жақсы азамат болатындықтарын, беделді болатындықтарын, мәртебесінің өсетіндігін түсіндіріп айттым//

Ал, жаңа оқу жылынан бастап аграрлық-техникалық колледж автоэлектрик және арнайы тігінші мамандықтарын оқу процесіне енгізбек.