Шәкірт санасына сәуле шашқан ұлағатты ұстаз Сәуле Егізбаева еселі еңбегі үшін жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Ақорда төрінде Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алған қызылордалық ұстаз туған өлкеге оралысымен біздің арнамызға сұхбат берді.

Зейнетке шыққан апайлар біз мектепте күні-түні жүргенге Сәулені отбасы құрмаған деп ойладық дейді.

Отбасында ардақты ана, аяулы жар Сәуле Егізбаева Отанның болашағын да баптаған жан. Тіршіліктің тамыршысындай үй мен түздің тәрбиесін қатар алып жүр. Ол қаладағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Әрі ағылшын пәнінен сабақ береді.

СӘУЛЕ ЕГІЗБАЕВА – «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Отбасы әрдайым бірінші орында ғой. Отбасында қолдау болмаса тірлік алға баспайды. Мамандықтың қыр-сырын бұл кісілер де менімен бірге түсінді//

 Ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тер мен ағарту саласына қырық жыл сарп еткен күш елеусіз қалмады. Тынымсыз еңбектің жемісі – Президент қолынан алған «Құрмет» ордені.

 СӘУЛЕ ЕГІЗБАЕВА – «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

//Үлкен толқыныста болдым. Президенттің қолынан марапат алып жатқанда жүріп өткен жолыма көз тастадым. Бұл маған емес барша Сыр елінің ұстаздарына жасалған құрмет деп білем//

 Ұстаз ұлағатын санасына сіңірген шәкірттері де төмен қаратқан емес.

МАНЗУРА ӨСЕРҚЫЗЫ – ОҚУШЫ

//Сәуле апайым мені республикалық ғылыми жобаға апарып, жетекшілік жасады. Сол кезде біз үшінші орынды жеңіп алдық. Жалпы, Сәуле апай өте қамқор, еңбекқор, білікті ұстаз//

СӘУЛЕ ЕГІЗБАЕВА – «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

 Ұстаз болу деген ұғым өзімнің отбасымнан басталды. Әкем 40 жыл ұстаздық қызмет атқарған, білім саласына үлкен үлес қосқан ұстаз болған, анам да 40 жылға жуық ұстаздық етті. Бала кезімде әке-шешемді көріп жүріп, сол кісілердің жұмысына көмектесіп жүріп ұстаз болғанымызды да байқамай қалдық. 7 ағайынды болсақ барлығы да ұстаздық жолда. 03:55+ Ұстаздық жолда әртүрлі кезеңдерді, реформаларды бастан өткіздік. Әр кезеңнің өзіндік қиындыққтары болды. Дегенмен, ұстаз баланың жүрегіне жол тауып, жан-жақты тәрбиеей алады, білім бере алады деп ойлаймын//

Сәуле Әбутәліпқызын үлгі тұтып, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғысы келетін оқуышылар көп. Қазір олар ұстазымен бірге алдағы ұлттық біріңғай тестлеуге дайындалып жатыр.