«Халыққа жақын» жобасы Аралда басталды
#qyzylordatv
Елімізде Қазақстан Халық Кеңесінің «Халыққа жақын» атты ауқымды жобасы басталды. Мұндағы мақсат – барлық өңір тұрғындармен тұрақты әрі тікелей диалог орната отырып, жұртшылықты толғандырған мәселелердің түйінін тарқату. Осы бастама аясында кеңес мүшелері ең алғаш Арал ауданына арнайы барып, тұрғындармен тілдесті.
Кеңес төрағасы Ерлан Қошанов бастаған топ алдымен теңізді өлкенің еңбек ардагерлерімен жүздесіп, байырқалы бастама барысын баяндады. Мұнан соң кеңес мүшелері, облыс әкімі және салалық министрлік өкілдерімен бірге жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Қабылдауда халық тарапынан мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, білім беру жүйесін жетілдіру және медициналық мекемелерді жаңғырту секілді бірқатар мәселе айтылды. Айта кетейік, бұл бір күндік жиын емес. Халық кеңесі мүшелерінің өңірге сапары ертең де жалғаспақ. Олар ең шалғай елді мекендерге арнайы барып, жұртшылықтың жай-күйін көзбен көріп, тұрғындар талабына құлақ түреді.
ӘДІЛХАН ТАНЫМБЕТОВ – АРАЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Халыққа жақын» жобасын ең бірінші Арал ауданынан бастағандарыңыз біз үшін үлкен қуаныш. Міне, азаннан бері көптеген министрлік өкілдері халықты жеке қабылдап, мұң-мұқтаждарын тыңдап, жауаптарын беріп жатыр. Ал, төменде оқу процестері жүріп жатыр. Бізге ең бір қуанышты жағдай, халық өздері сіздерді іздеп бармай, министрлік өкілдері өздері келіп, қажетті мәліметтерді алып, көріп жатыр. Сол үшін сіздерге, ел президентіне Арал халқы атынан алғысымызды білдіреміз
ЕРЛАН ҚОШАНОВ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Сұраныстың бар екенін біз көріп отырмыз. Біз Астанаға не Қызылордаға барып, адамдарды жол жүргізіп қиналтпай, мемлекеттік органдар бүгін сіздерге өздері келіп отыр. Халық деген өте көп келіп жатыр. Сұрақтар да көп қой міне. Сол мәселелерді шешіп астау үшін, сіздерге көмек көрсету үшін біз келіп отырмыз. Бұл мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» деген қағидаты мен ойлаймын, бүгін біздің ісімізге сай келіп тұр деп