Таулы Карабақ қақтығысына қатысушыларды еске алды
#qyzylordatv
Кеңес әскерлерінің Таулы Қарабақтан шығарылғанына - 35 жыл. Осыған орай «Тағзым» алаңында еске алу митингісі ұйымдастырылды. Жиында қаруластары қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты шешуге Қызылорда облысынан 300-ге жуық әскери қызметкер қатысты. Бүгінде өңірде сол оқиғалардың бел ортасында жүрген 260-қа жуық ардагер тұрады. Арада ондаған жылдар өтсе де аға буын жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, қоғамдық өмірге белсене араласып келеді. Тағзым алаңында өткен еске алу шарасында қақтығысқа қатысқан ардагерлер өткенді еске алып, өмірден озған жолдастарына құрмет көрсетті.