«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекіді
#qyzylordatv
Әр тиынның сұрауы болады. Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасы бойынша қаржының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті. Президент арнайы Жарлыққа қол қойды. Комиссия инфрақұрылымдық жобалардың уақтытылы әрі сапалы орындалуын қадағалайды.
Сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылап, мемлекеттік сатып алулардың заңдылығы мен мерзімін жіті назарда ұстайды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және бизнес өкілдері енді. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы ретінде Жоғары аудиторлық палата белгіленді.
СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Биыл алдын ала қаражат бөлініп жатыр Ұлттық қордан да, республикалық бюджеттен де. Сондықтан оны бақылау керек. Бұл құрылып жатқан үлкен комиссия қоғамдық бақылау деп айтуға да болатын шығар. Бұл комиссияға барлық саланың мамандары қосылып жатыр.
ҒАЛЫМ МҮСІРОВ, ЭКОНОМИСТ
Жымқырылған ақшалардың қаншалықты болып жатқанын көріп жатырмыз. Оларға аяушылық жасамау керек. Өйткені, бұл айналып келгенде халықтың ақшасы. Әрине, үлкен көлемдегі ақша, оның қалай жұмсалуынан елдің экономикалық-әлеуметтік мәселесі шешіледі. «Жалпыхалықтық құрылыс» деген бұрын-соңды болып көрмеген бағдарлама.