Негізгі Жаңалықтар Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

#qyzylordatv 

«Самұрық-Қазына» Акционерлік Қоғамы басқармасының шешімімен Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарған болатын.


 ҚТЖ-ның жаңа төрағасын таныстырған Премьер-министр Олжас Бектенов компанияның алдағы жұмысына қатысты бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, теміржол арқылы жүк тасымалын көбейту, елдің транзиттік мүмкіндігін кеңейту және теміржол желілерін дамытуды, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Еске салсақ, биыл «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» теміржол желілерінің құрылысын аяқтау жоспарланған. Ал «Бақты – Аягөз» бағыты келесі жылы пайдалануға берілуі тиіс.

Бөлісу