Жампоз жырау, төкпе ақынды еске алды
#qyzylordatv
Сыр бойы жыраулық дәстүрінің дара өкілі, жыр жампозы Серік Өтеуовтің туғанына биыл 70 жыл. Осыған орай Жыраулар үйінде «Жыр ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Тағылымды шарада Сыр сүлейлерінің бүгінгі ізбасарлары айтыскер ақынның шығармаларынан үзінді орындап, тыңдарманға рухани азық сыйлады.