Негізгі Жаңалықтар Бір аптада 6 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

Бір аптада 6 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

#qyzylordatv 

Өңірде темір тұлпарды мас күйде тізгіндейтіндер азаймай тұр. Тәртіп сақшылары өткен аптаның өзінде ішімдік ішіп рөлге отырған 24 жүргізушіні анықтады. Жалпы облыс аумағында жол ережесін бұзудың 6 мыңнан астам дерегі тіркелген.

Мәселен, жылдамдықты шамадан тыс асырудың 2077, қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 1080, ал маневр жасау қағидаларын бұзудың 244 фактісі анықталды. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және көлікті құжатсыз басқару деректері де бар. Сондай-ақ, өткен аптада қоғамдық орындарды ластаудың 314 дерегі тіркеліп, заң бұзған азаматтарға әкімшілік шара қолданылды.

Бөлісу