58 киікті заңсыз сақтаған
#qyzylordatv
Өңірімізде Қызыл кітапқа енген киіктің денелері мен мүйіздерін заңсыз сақтаған азамат анықталды. Тексеру барысында күдіктінің үйінің ауласынан 58 бас киіктің денесі, пышақ және таразы тәркіленіп, заттай дәлелдемелер ретінде алынған.
Бұл дерек Прокуратураның үйлестіруімен полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында белгілі болып отыр. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сот «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялап, қылмыстық іс қозғалды.
ЖАНБОЛАТ ӨТКЕЛБАЕВ - ОПД ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
Прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері Қызыл кітапқа енген киіктердің денелері мен мүйіздерін заңсыз сақтаған азаматты анықтады. Күдіктінің үй ауласынан 58 киік жануарының өлі денелері, 5 киік басы, 3 қап тері, 8 пышақ және таразы тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты сот шешімімен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды