Негізгі Жаңалықтар Бір аптада 133 мың адам вирустық инфекция жұқтырды

Бір аптада 133 мың адам вирустық инфекция жұқтырды

#qyzylordatv 

Елде бір аптада 133 мыңнан астам адам вирустық инфекция жұқтырды. Ауруханаларда 8 мың 700-дей науқас емделіп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңындағы арнайы брифингте белгілі болды.

Инфекция жұқтырған науқастарға жедел көмек беру үшін 1 жарым мыңға жуық арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. Стационарларда 13 мыңнан астам орын дайын. Оның 4 жарым мыңы ересектерге, 9 мыңдайы балаларға арналған. Қажет болған жағдайда қосымша тағы 3 мың орын әзірленеді. Еске салайық, вирустық инфекцияларға қарсы вакцинацилау науқаны 1-желтоқсанға дейін жалғасады. Қазаннан бері 2 миллионнан астам тұрғын екпе алған.

Бөлісу