Сәйгүлік мініп, садақ тартқан мерген қыз. Келесі бейнематериалымыз жаңақорғандық ару Алтынай Исрайыл туралы болмақ. 17 жастағы бұрымды ұлттық ат спорт түрлерінің ішіндегі ең әдемі және рухты түрімен шұғылданып жүр. «Жамбы атуды» серік еткен Сыр сұлуы туралы әріптесім Мерей Жалғасбек әңгімелейді.

17 жастағы Алтынай Исрайыл бала күнінен атқа мінуге қызыққан. Жылқының жалына жабысқан ағаларына еріп, ол да тұлпар тізгіндепті. Ат құлағында ойнаған арудың ерекше талантын ауылдағы ұлттық спорт бапкерлері байқап, жамбы атуға баулыған. «Сәйгүлік үстінде садақ тартуды үйрену оңай болған жоқ», - дейді мерген қыз.

АЛТЫНАЙ ИСРАЙЫЛ, ОҚУШЫ \Қорықпа қорықсаң қорқа бересің, мәңгілікке, сосын осы орныңда қаласың. Сондықтан жылдам бол, тірі бол деді. Дайындалып жүрмін, дым қиындығы жоқ. Басында енді қорқыныш сәл-пәл болғаны рас\

 Екі жыл бойы жамбы атуды серік еткен ол бірнеше турнирде олжа салып үлгерді. Бірақ жеңіс тұғырының ең биік сатысына шығу әзірге бұйырмапты. Мерген қыз биыл осы арманына жету үшін тыңғылықты дайындыққа кірісіп отыр.

ИСЛАМХАН БОРАНБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІНЕН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ \Алтынайдан енді Құдай қаласа алдымызда Қазақстан Республикасының чемпинаты тұр. Сол чемпионатта Құдай қаласа жүлде күтеміз. Бұл енді Қазақстан Республикасының турнирлеріне, кубок федерациясына қатысты. Бірақ официальный чемпионатқа енді қатысайын деп тұр. Бірінші рет\

 Алтынай облыс бойынша жамбы атумен қатар, дәстүрлі садақ ату спортын қатар меңгерген алғашқы бұрымды. Табиғаты нәзік болғанымен, жамбы атуда жігіттермен қатар шауып, нысана көздеуде талайынан оқ бойы озық шығып жүр.