#qyzylordatv
Қазалы ауданындағы бір ғасырдан астам тарихы бар теміржол вокзалы қайта жаңғыртылады. Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы 860 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Әріптесім Әкімжан Жолтаев дәл қазір осы ауданнан студиямен тікелей байланысқа шығып тұр. Әкімжан, жұмыс қарқыны туралы айтсаңыз. Жолаушыларға қаншалықты жағдай жасалмақ?
ӘКІМЖАН ЖОЛАТЕВ, ТІЛШІ \ Қайырлы күн! Қазалы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары дәл бүгін бастау алды. Бұл сонау ХХ ғасырдың басында салынған архитектуралық нысан. Ғимараттың іргетасы Ақирек тауының тасынан қаланса, қабырғалары күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Ғасырдан астам тарихы бар нысанның сүйегі мықты, дегенмен инженерлік жүйелері мен сырт келбеті тозған. Сондықтан осы ғимараттың қас беті қапталып, есік терезесі, шатыры жаңаланады. Жолаушыларға арналған күту залы заманауи талаптарға сай жабдықталып, қауіпсіздік жүйелері орнатылады. Және вокзал аумағы көгалдандырып, тас төсеніштер төселетін болады. Жолаушыларға тағы қандай қолайлы жағдай жасалатынын вокзал басшысы айтып берсін.
ӘКІМЖАН ЖОЛАТЕВ, ТІЛШІ \ Вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер жолы да қайта салынып жатыр. Осы жөнінде не айтасыз?
ӘКІМЖАН ЖОЛАТЕВ, ТІЛШІ \ Ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстар нәтижелі болсын. Ал жоспар бойынша жөндеу жұмыстары.......... аяқталмақ. Студия, мендегі ақпарат осы\