#qyzylordatv
Ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады. Президент Ассамблея сессиясында осындай мәлімдеме жасады. Басқа елдердегідей бізде де түйткілдер бар. Бірақ біз оны әлдекімдердің әдістемесімен емес, өзіміздің ұлттық мүддеміз бен заңнама аясында шешеміз деді
Тарихи мән-маңызы айрықша. Басқосуға Президент осындай айдар тақты. Себебі ассамблея тарихы егемен ел тарихымен үндес.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ \\ Ассамблея – мемлекеттігімізге арқау болған аса маңызды құрылым. Бұл – Ассамблеяға артылатын жүктің салмағы да жеңіл емес деген сөз. Ұлттық мүдделерімізді қорғап, егемендігімізді нығайту – қастерлі парыз. Мұны Ассамблея мүшелері терең сезінеді деп ойлаймын. Ассамблея барша азаматтарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық орган ретінде жұмыс істеуі керек.
Бүгінде ассамблея жанынан құрылған бірлестіктер де белсенді. Мәселен аналар кеңесінің қатарында 16 мыңға жуық әйел бар. Олар қоғамда ізгілік пен мейірімге үндеген бастамалар көтеріп жүр.
НӘЗИПА ШАНАИ - ҚХА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ \\Зорлықсыз қоғам құру үшін - терең парасатты әке, жоғары мәдениетті ана, ұлттық санасы қалыптасқан бала керек. Сондықтан, біз, дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды сақтау, рухани-адамгершілік тәрбие беруді жұмысымыздың негізгі бағыттарына айналдырдық.
Биыл Ассамблея жастар қозғалысына да 10 жыл.
АЛЛА ГАВРИНА - «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ТӨРАЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ \\ Біз Қазақстандағы ең белсенді жастар ұйымына айналдық. «Таза Қазақстан», әлеуметтік кеселдермен күресу жобалары, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік тілді меңгеру — алдымызда тұрған маңызды бағыттар.