#qyzylordatv
«Ұлттық кітап» күніне орай Сырдария ауданында көпшілікке үлгі боларлық бастама қолға алынды. Яғни, осы өлкеден түлеп ұшқан азаматтар туған жерге тарту ретінде орталық кітапханаға сый жасап жатыр. Ең бастысы бұл бір реттік шара емес, жыл көлемінде жалғасатын дәстүрлі шараға айналмақ.
Кітап – дәуірлер үнін жеткізуші құнды қазына. Сондықтан, сыйлықтың үлкені де осы. Атаулы күн қарсаңында мәдениет қайраткері, ақын Сейфолла Оспан аудандық кітапханаға екі мың кітап тарту етті. Ал, ақын аманатын кітапханаға профессор Ғабит Тұяқбаев бастаған әдебиет жанашырлары жеткізген. Жиында қаламгердің тартуына аудан әкімі ризашылығын білдіріп, бұл бастаманы жалғайтын азаматтар барына сенім білдірді. Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, шығармашыл жастар әлем классиктерінің үздік туындыларынан театрландырылған қойылым ұсынды.
ҒАБИТ ТҰЯҚБАЕВ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ /Ақынның туған-топырағына деген ең үлкен сыйлығы, бұған дейін әдебиетке қанша жыл еңбек етіп келген, қазақ поэзиясына үлкен бір олжа салған Сейфулла Оспан енді мынау үлкен қазынасын өзінің туған топырағына тарту етіп отыр. Бұл кітаптар осы ауданның әрбір оқырманының жүрегіне жол табады олардың білімдерін шыңдап, елдің үлкен азаматы болып шығуына әсер етеді деп ойлаймыз/