#qyzylordatv
«Қызылорда қаласы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығы және Сыр елінің Астана мәртебесіне алғанына 100 жылдық мерейтойына арналған патриоттық әндер байқауы өтті.
Әбу Құдабаев атындағы №197 орта білім ордасында өткен байқауда қонақтар алдымен жайлы мектеп ғимаратын аралап көрді. Пәндік кабинеттер мен арнайы зертханалардағы жабдықтар оқушыларға оңтайлы жағдай жасаған. «Қызылорда қаласы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі 20 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде 2500-ға жуық ардагер ұстазды біріктіріп отыр. «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады» атты әндер байқауы екі кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде соғыс жылдарындағы естеліктерді қамтыған әндер шырқалса, екінші кезең Сыр еліне арналған әндермен жалғасты. Байқауға қатысушылар алғыс хаттармен және жүлделі орындармен марапатталды.
МЫЛТЫҚБАЙ БАЙЫМБЕТОВ - ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Тарихтың ақ парағы сарғайғанмен де, көңілде сарғаймады. Соғыстағы ерлік мәңгі сақталып қалды есімізде. Балалық шағымыз соғыстың ауыртпалығын көріп өстік біз. Енді сол соғыс болмасын. Соғыстағы ерліктерін біздің ұрпақтарымыз үлгі етіп жүрсін өміріне деген мақсатта ардагерлердің белсенділігін арттыру болып тұр.
ҒАЛЫМ БЕКЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
\\ Шараның мақсаты Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты барынша мерекені ашып көрсету, патриоттық әндер. Оның ішінде соғыс жылдарындағы әндер. Одан кейінгі жастарды патриоттық тәрбиеге шақыратын, отан қорғауға, жанкештілікке, жанашаолыққа тәрбиелейтін әндер. Бұлар ұмытылмайтын біздің аталарымыздың, апаларымыздың ерліктерін паш етет.