#qyzylordatv

 Бейбіт күнді жақындатқан бабалар ерлігі ұмытылмақ емес. Жеңіс мерекесі қарсаңында Қармақшы ауданында кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевтің есімін жаңғырту мақсатында мемориалдық белгі ашылды. Сондай-ақ, ақтаңдақ жылдар ақиқатын ақтаруға арналған танымдық конференция болды.

Төрт жыл тыныштықты кетірген майдан даласына Қармақшы ауданынан 5 мыңға жуық сарбаз аттанды. Солардың ішінде 563 жауынгер ғана елге оралған. Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев сол ажал апанынан аман келіп, еңбек майданының да батыры атанған бірегей жан. Сондықтан оның еселі еңбегі мен ержүректік қасиеті бүгінгі буынға өшпес өнеге.

Ерен ердің есімін ұлықтау мақсатында жыл сайын спорттық сайыстар ұйымдастырылып келеді. Енді міне аудан орталығынан еңселі ескерткіш бой көтеріп отыр.