#qyzylordatv
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа аманат». Иә, арада қаншама жылдар өтсе де сұрапыл соғыстың зардабы, майдангерлердің ерлік ісі ешқашан ұмытылмайды. Керісінше артында қалған ұрпағы батыр есімін ұлықтайды.
Қала тұрғыны Қалия Боранқұлова жыл сайын Жеңіс мерекесі қарсаңында немерелерін ертіп музейге баратын. Бұл жолы әкесінің орден, медальдарын, естелік суреттерін алып біздің редакциямызға келді. Оның айтуынша, Темірбай Дүйсенов 1941 жылы әскерге аттанып, ары қарай майданға жіберіледі. Барлаушы-байланысшы қызметін атқарған жауынгер Украина, Польша жерлерін жаудан азат етуге қатысқан. Жеңісті Шығыс-Пруссия жерінде қарсы алып, 1946 жылы елге оралады. Сол кездегі Абай мектебінде физика, математика пәнінен сабақ беріп, шәкірт тәрбиелейді. Кейін теміржол мекемесінде қызмет атқарып, зейнетке шығады. Қалия Боранқұлова немере, шөберелеріне соғыс ардагерінің ерлік ісін үнемі айтып отырады. Кейінгі ұрпақ Жеңістің оңай келмегенін білсін деген мақсатпен.
ҚАЛИЯ БОРАНҚҰЛОВА, МАЙДАНГЕРДІҢ ҰРПАҒЫ
Соғысқа дейін бухгалтер, мұғалім болып жұмыс істеген. Соғыстан кейінде жұмыс істеген. Сөйтіп тыл ардагері де болған әкеміз. Жылда парадқа шығам анамның, әкемнің суреттерін шығарып,сосын музейге барам. Өзімнің балаларыма, немерелеріме үлгі болсын деп. Кейінгі ұрпақ ата-әжелерін ұмытпасын деп жүрмін. Мына алған орден, медальдары бәрі дәлел