#qyzylordatv

Астанада «Қазақ елі» алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери парадты қызылоралықтар да тамашалады.

 Ерен ерлік пен елдік рухты ұлықтаған бұл маңызды іс-шара - батыр бабаларымыздың қаһармандығына деген құрметтің айқын көрінісі. Қазақстаннан 1 миллион 200 мыңнан астам азамат соғысқа аттанып, майданның барлық ауыр жүгін көтерді. 1941-1945 жылдар аралығындағы екіншідүниежүзілік соғыстағы Жеңіс тарихын қазақтың қаһарман ұл-қыздарынсыз елестету мүмкін емес. Олар өздерінің жанқиярлық патриоттылығымен кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге қалдырды.

Парад тікелей эфирде еліміз бойынша барлық LED-экрандарда, соның ішінде халық көп жиналатын теміржол вокзалдары мен әуежайлар сынды орындарда көрсетілді. Сонымен қатар, республикалық телеарналар мен Ақорданың Facebook, YouTube, Telegram желілеріндегі ресми парақшаларынан да тікелей эфир арқылы тарады. Әскери техникалардың шеруі, сап түзеген жауынгерлер және көк жүзіндегі авиация көріністері көрермендерге ерекше әсер сыйлады.