#qyzylordatv

Қызылордада Жеңістің 80 жылдығына орай веломарафон өтті.

300-ге жуық әуесқой велосипедші «Қызылорда – Тереңөзек» бағыты бойынша 50 шақырымдық жолды еңсерді. Облыстық прокуратурасы мен қала әкімдігі ұйымдастырған велошеру бейбіт күндегі салуатты өмірді насихаттады. Мәре сызығын кесіп өткен қатысушыларға арнайы медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды.