#qyzylordatv
Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті. Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.