#qyzylordatv

Екінші дүниежүзілік соғыстың ең ауыр беттерінің бірі –Ленинград үшін шайқас. Жау қоршауында қалып, аштық пен қырғынға қарсы тұрып, фашистердің бетін қайтарғандар қатарында қазақ жауынгерлері де болды. Солардың бірі – Арал өңірінің тумасы, лейтенант Тағыберген Сағындықов. Батырдың майдан даласынан жолданған хатын туыстары бүгінде атадан қалған аманат ретінде сақтап отыр.