#qyzylordatv

Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы көрме жасақтап, соғыс жылдарына қатысты 80-ге жуық тың дерек пен жәдігерді топтастыруды қолға алған. Бұл – тарихты жаңғыртуға бағытталған ізгі бастама жайында тілшіміз Назира Алмас баяндайды.

НАЗИРА АЛМАС – ТІЛШІ

 Қармақшы – тарих пен тылсым сырға толы өңір. Бұл ауданның әр қыры мен құпиясын тану үшін осындағы тарихи-өлкетану музейіне бас сұққан жөн. Көненің көзіне айналған құнды жәдігерлер, Сыр бойының бай мәдени мұрасы – осы шаңырақта тоғысқан. Мұнда сіз сақ заманынан бастап қазіргі күнге дейінгі тарихтың тынысын сезіне аласыз.

Әсіресе, сұм соғысқа арналған бөлігі ел назарын ерекше аударады. Деректерге сүйенсек, майдан даласына Қармақшыдан 5 мыңға жуық жауынгер аттанып, тек 500-ден астамы елге оралған. Бүгінде олардың ерлігін айғақтайтын қолданған заттары мен медальдары, оқ тиген шлемі сынды заттай деректер сақтаулы.

 ӘЗІРБЕК БАҚТЫБАЕВ –АУДАНДЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

 Акция аясында ауданымыздағы соғысқа қатысқан азаматтар туралы деректер, сол кісілердің жеке тұтынған заттары, медальдары мен марапаттары келіп жатқан жайы бар музейімізге. 04-22 Сұрыпыл соғыс жылдары аталарымыздың басына кейіп жүрген шлемі музейімізге өтті. Бұл заттарды көргенде музейге келушілеріміз де қызығып жатады. 5-00 Соғыс ардагерлеріне арнап, бір бұрыш және сурет деректеріне арнап екі витрина қойған жаймыз бар.

 Ал қармақшылық Орынбасар Сариев – соғыс басталғанда небәрі үш жаста болған. Сұрапыл соғысты көрмесе де, зардабын сезінді. Отбасынан жеті бірдей ағасы майданға аттанған. Ағалары соғыстан елге аман оралғанымен, бірі аяғынан, енді бірі қолынан жараланып қайтқан.

ОРЫНБАСАР САРИЕВ – ТЫЛ АРДАГЕРІ

 Қалған әжелеріміз, апаларымыз ғой. Біздің үйдің қасында қос тігіп отыратын. Астықты үлестіріп отыратын.Сондай қиыншылықтарды көзімізбен көрдік. Қырғауыл атып, қоян атқанда «мынау үйлердің бала-шағасы бар. Қоянның үлкенін соған бер» деп отырушы еді әкеміз. Сол қиыншылық демей, ол жақсылықтан туған жоқ қой. Ол сол үйде жейтін азық болмағасын болып отыр.

Бүгінде 87 жастағы қария 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Бағбандықты жанына серік еткен ақсақал алма, алмұрт, жүзім секілді бірнеше жеміс өсіріп, төрт түлігін де өзі баптап отыр. «Бейбіт күндегі бейнетім қиын қыстаудағы ағаларымның ерлігіне татымайды,»- дейді ол. Әйтседе ардагер баптаған жиде ағашының жұпар иісімен бірге Жеңістің лебі ескендей.