#qyzylordatv
Бүгін Байқоңырлық тұрғындар жеңісті жақындатқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, құрмет көрсетті.
Отан үшін от кешкен жандардың есімін ұлықтау кейінгі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан байқоңырлық тұрғындар жеңіс күніне арналған салтанатты шаралар легін тағзым етуден бастады. Жеңістің 75 жылдығына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым етті. Сондай-ақ, тылда тер төккен ардагерлерге мерекелік медаль табысталды. Одан соң орталық стадионда «Жеңіс парды» өтті. Партқа Ресей Федерациясы мен еліміздің құқық қорғау саласының қызметкерлері және жас ұландар қатысты.