#qyzylordatv

Шиелі ауданында Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагерлеріне әлеуметтік көмек ретінде 196 000 теңге жәрдемақы төленді. Сондай-ақ, бүгін аудан жұртшылығы «Тағзым» алаңына жиналып, сұрапыл соғыста шейіт болған батырлар рухына тағзым етті.

Жеңіс жалауының желбірегеніне биыл 80 жыл. Тағзым алаңына жиналған тұрғындар ұрпақ үшін, ел үшін қан майданда кеудесін оққа тосқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.