#qyzylordatv
Шілденің екінші жексенбісі – балықшылар күні. Осыған орай Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен сала қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир басталды.
Балық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған турнир жыл сайын ұйымдастырылады. Биыл ала доп бәсекесіне 7 команда қатысып жатыр.
ПАЗЫЛБЕК НӘЛІБАЕВ - АРАЛ-СЫРДАРИЯ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Кешке дейін бір күндік шара қылып бітіруге тырысамыз, бұл шара жылда жалғасын таба береді, іс шараның мақсаты қызметкерлеріміздің мерейін көтеру, балықшылар күні бар екенін ел-жұртқа білдіргіміз келеді. Орман шаруашылығы инспекциясы,өзіміздің питомниг инспекциясы қатысып отыр, су инпекциясы қатысып отыр.
ТҮГЕЛ АЛИЕВ - БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
Балық саласында 47 жыл жұмыс істеп тұрм, табиғи ресурс басқармасында соңғы бес жыл істедім содан пенсияға шықтым, 47 жыл дегенде үлкен нәрсе, мамандығым эхтиолог, Спорт адамға деннің саулығын сыйлайды, ауру сырқаудан аман боласың, сондай-сондай қасиеттер жақсы нәрсе ғой осының барлығын ары қарай жалғастыруға тілектеспіз
Алғашқы ойында Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының қызметкерлері «Қамыстыбас» балық питомнигінің командасынан басым түсті.
БАТЫРБЕК ОМАР – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Алғашқы ойын, Қамыстыбас балық питомнигімен болды, екіде бір есебімен келесі кезеңге өттік,жарысқа жылда қатысып тұрамыз, жүлделі орындарға ілінуге тырысамыз.