#qyzylordatv

Қазақстан халқының тілдері күні аясында Қызылордада «Тілді сүю тал бесіктен» атты акция өтіп жатыр. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, балабақша тәрбиеленушілерінің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.

«Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің балабақшадан басталуында үлкен мән бар»,- дейді орталық өкілдері. Өйткені ана тілін үйренудің негізі балабақша мен мектеп қабырғасында қаланады. Осы арқылы балалардың таным көкжиегі кеңейіп, санасына сәуле түседі. «Бегім ана» бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері тілге деген құрметін өз өнерлері арқылы паш етті.

 Дәл осындай іс-шара «Сыр еркесі» балабақшасында да жалғасты. Облыстық тілдерді оқыту орталығының сарапшысы балаларға кітаптарды таныстырып, тілге құрмет балғындар мекенінен басталу қажеттігін ұғындырды.

Облыстық тілдерді оқыту орталығы тарапынан балабақша тәрбиеленушілеріне электронды оқулықтар, ертегілердің аудиожинағы және экологиялық әліппе тарту етілді.