Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және еуропалық одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич пен Еуро Одаққа мүше мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерінің қатысуымен өңірдің инвестициялық әлеуеті талқыланған дөңгелек үстел өтті.
Өткен жылы өңірге 774 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Соның ішінде аймаққа 205 миллион АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Ал, экономиканы әртараптандыру асында алдағы үш жылда 1 трлн, 900 млрд. теңгенің 48 инвестициялық жобасы іске асырылмақ. Биыл осы бастама аясында 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Аймақ басшысы өңірдің инвестициялық ахуалы мен экономиканы әртараптандыруда атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, Еуроодақ елдерімен байланысты бекемдей түсудің маңызына тоқталды.