Төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған цифрлық жобалар Kyzylorda Hub орталығы алаңында таныстырылды.
Жиынға төтеншеліктер, IT мамандар және Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеті жанындағы жасанды интеллект институтының студенттері қатысты. Басқосуда қауіпсіздікті цифрландырудың алты бағыты ұсынылып, оларды жүзеге асыру жолдары қаралды. Енді бұл жобалар арнайы байқауда сараланып, үздік нұсқасы пилоттық режимде қолданысқа енгізіледі.