Облыстық полиция департаментінде жасанды интеллект функциясы бар бейнеаналитикалык жүйе іске қосылды. Бұл іздеуде жүрген күдіктілерді және көлік жүргізу құжатынан айырылса да рөлге отырған азаматтарды бейнекамера арқылы дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Облыс әкімі жедел басқару орталығына барып, жаңа жүйенің жұмысымен танысты.
Қазіргі күні қала көлемінде 1400 бейнебақылау камерасы, 80 дана «зияткерлік қиылыс» және 96 «стационарлық жылдамдық өлшегіш» қондырғысы орнатылды. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету және құқық бұзушылықты дер кезінде анықтау, жағдайды қашықтан бақылау мақсатында 6 дрон сатып алынды. Бір ерекшелігі, ұшқышсыз басқарылатын құрылғы түн мезгілінде де жұмыс істей береді. Ай та кету керек, жыл басынан бері бейнебақылау камералардың көмегімен 23 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 444,6 млн. теңге айыппұл салынды. Ең басты жаңалық, жасанды интеллект функциясы бар бейнеаналитикалык жүйенің іске қосылуы.
СӘБИТ ИБАДУЛЛА, ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
//Осы жасанды инт.арқылы біз бейнебақылауға түсіп қалған немесе іздеуде жүрген прокуратураның арнайы тізіміндегі барлық адамдарды осы камералар арқылы бізге тауып береді. Яғни жасанды интлектінің көмегі бізге отырған диспетчерлердің қосымша көмек ретінде жұмыс жасайды.//