Бүгін облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында резонанстық іс қаралды. Оқиға жыл басында облыс орталығында орын алған болатын. Бір мезетте бір отбасының екі бірдей мүшесі қылмыскердің қолынан көз жұмды.
Айнұр Тұңғышбаева - тілші
"Бұл жантүршігерлік оқиғада бір емес, екі адам бірдей мерт болып отыр. Тіпті шыны керек, үш адам көз жұмуы әбден мүмкін еді, бірақ, кішкентай баланы періштесі қаққан деп жатыр."
Қылмысы дәлелденген С.Ш. деген қала тұрғыны өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Дегенмен бұл жаза қапияда кісі қолынан көз жұмғандардың жақындарын жұбата алмасы анық.