1993-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасында орын алған әскери қақтығысқа 25 жыл толды. Сегіз жылға созылған бітімгершілік операциясы барысында 32 қазақстандық сарбаз қаза тауып, көпшілігі жарақат алды. Бүгін облыс орталығында боздақтарды еске алу шарасы өтті.
Сeгiз жылғa созылғaн бiтiмгeршiлiк опeрaциясынa қaзaқ дaлaсынaн сeгiз жaрым мың сaрбaз қaтысты. Соның 400-ге жуығы бүгінде Сыр өңірінде тұрады.
1995 жылы дәл осы күні тәжiк-aуғaн шeкaрaсындaғы Пшихaвр тaу шaтқaлындa 7-шi құрaмa бiтiмгeршiлiк ротaсы содырлaрдың жойқын шaбуылына тaп болды. Қиянкeскi ұрыстa қызылордалық Eржaн Әбдиeв, Жaқсылық Жaнсүгiров, Қaнaт Eсeтов eрлiкпeн қaзa тaпты. Aл, Eрмeк Бeкжaнов сол шайқаста aуыр жaрaқaт aлды. Олар басын бәйгеге тіксе де жaуғa жaнкeштiлiкпeн тойтaрыс бeрiп, ұрпaққa ұрaн болaр eрлiктiң eрeн үлгiсiн көрсeте білді. Шараға қатысушылар сарбаздар ерлігін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Тағзым алаңындағы еске алу шарасына жүректі жауынгерлер мен шайқаста шейіт болған сарбаздардың туыстары қатысты. Есіл ерлердің рухына құран бағышталып, ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды. Тағылымды іс-шара Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде жалғасты. Мазмұнды жиында жат жерде бітімгершілік операциясына қатысып, ерен ерліктің үлгісін көрсеткендер алғыс хатпен марапатталды.
Сұм соғыстың жүрекке салған жарасы ауыр. Содырларға тосқауыл болған жігерлі жігіттердің ерлік рухы осылай дәріптеле бермек.