Бала қауіпсіздігі бақылауда
#qyzylordatv #заңментәртіп
Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Себебі, жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Осыған байланысты мектептер мен білім беру ұйымдарының маңы бақылауда болады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Елімізде «Назар аударыңыз, балалар!» акциясы басталды. Оның негізгі мақсаты – балаларды жол-көлік оқиғаларынан қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру. Оқу жылы басталар алдында мектептер мен білім беру ұйымдарының маңындағы бақылау күшейтіледі. Қазір мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдері, жол белгілері мен жол таңбаларының жай-күйі тексеріліп жатыр. Сонымен қатар мектеп автобустары мен балаларды тасымалдау қауіпсіздігі бақылауға алынған. Ішкі істер министрлігі жүргізушілер мен ата-аналарға ескерту жасады.
КАРИНА ҚҰРАЛАЙ – ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біздің басты міндетіміз балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құрметті жүргізушілер жылдамдықты асырмаңыздар. Жол ережесін сақтаңыздар. Ең бастысы рөлде мұқият болыңыздар. Баланың жолға күтпеген жерден шығып кетуі мүмкін екенін әрдайым есте ұстаңыздар. Мектеп жанындағы жолдар мен жол белгілері тексерілуде. Тексеру қортындысы бойынша бойынша білім беру ұйымдарының жол инфрақұрылымына қатысты 548 нұсқама берілді. Құрметті ата-аналар балаларға қауіпсіздік ережелерін күнсайын еске салып отырыңыздар. Мектепте, көшеде, қоғамдық көлікте және интернетте қауіпсіздік талаптарын сақ болуға үйретіңіздер.