Аралда теміржол вокзалы салынып жатыр
#qyzylordatv
Аралда теміржол вокзалы салынып жатыр. Құрылыс биыл аяқталмақ.
Аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев жауапты сала басшыларымен бірге вокзалға барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда ішкі әрлеу, кафель төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, вокзал аумағы абаттандырылып, жолаушылар перроны қайта жаңғыртудан өтуде. Жаңа вокзалда тұрғындар үшін жайлы жағдай жасалады. Атап айтсақ, күту залы, дәрігер және ана мен бала бөлмесі, дәретхана, асхана қарастырылады. Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне вокзалдың құрылысын сапалы әрі тезірек аяқтауды тапсырды.