Негізгі Жаңалықтар Сыр сақшысы әлем чемпионатында қола жүлдені қанағат тұтты

Сыр сақшысы әлем чемпионатында қола жүлдені қанағат тұтты

#qyzylordatv 

Спорттан ақжолтай ақпар. Әзербайжанның астанасы Баку қаласында өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы XII әлем чемпионатында сыр сақшысы Еңбек Сақтағанов қола жүлдені жеңіп алды.


 Екі күнге созылған жарысқа әлемнің 30-ға жуық елінен 300-ден астам балуан қатысты. Олар 16 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен турнирде 90 келіде күрескен облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сыр абыройын асқақтатқан тәртіп сақшыны жеңісімен құттықтаймыз!

Бөлісу

Аймақтық телеарналар