$20 млрд межесі: Президент бірлескен әрекетке шақырды
#qyzylordatv
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері мен Әзербайжан арасындағы өзара сауданы 20 миллиард долларға жеткізуді ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы Түрікменстанның Аваза қаласында өткен мемлекет басшыларының Консультативтік кездесуінде көтерді. Мемлекет басшысы көлік дәліздерін дамыту, трансшекаралық су қорын бірлесіп пайдалану және жасанды интеллект қауіпсіздігіне қатысты да ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ өңірлік бастамалардың орындалу барысын қайта қарау қажеттігін айтты.