Қармақшыда мобильді қоғамдық қабылдау өтті
#qyzylordatv
Халықтың әл-ауқатын арттырып, құқықтық сауаттылығын көтеру - басты міндет. Осы мақсатта «Әділет» партиясының облыстық филиалы Қармақшы ауданына қарасты Тұрмағамбет және Ақжар ауылдарында мобильді қоғамдық қабылдау өткізді. Мұнымен қоса, шалғай елді мекендерді аралаған жылжымалы медициналық кешен тұрғындардың денсаулығын тексерді. Сұрақтарға жауап іздеп, ем-дом алған ауыл халқының тыныс-тіршілігін келесі бейнесюжеттен көрейік.
Қабылдауға келген Ақжарма ауылының тұрғыны Бек Асқаров өзінің күрделі қаржылық жағдайын айтып, кеңес сұрады. Ол осыдан 5 жыл бұрын ауыр жарақат алып, ем-домға екінші деңгейлі банктерден несие алған. Алайда қарыздан құтылу азаматқа үлкен салмақ түсіріп отыр.
БЕК АСҚАРОВ – АҚЖАРМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бір жылда тоғыз ота жасаттым. Әр отаны 2млн. аз дегені, сондайдан жасаттым. Дайын тұрған ақша жоқ ғой. Сол себептен несие алуыма тура келді. Бірақ аяқ асты қарызымды төлей алмай қалдым. 1 топ мүегедктігім бір жағы көп балалы әкемін, соны ескере отырып құзырлы органдарға беріп заң аясында шешіп береміз деді.
Қос ауылда 40-тан астам азамат жеке мәселелері бойынша қабылдауда болды. Тұрғындар өздерін толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды. Жиын барысында жауапты мамандар азаматтарға заңдылықтар мен талаптарды жан-жақты түсіндіріп, құқықтық кеңестер берді.
БАЛДЫРҒАН МӘМЕН – ОБЛЫСТЫҚ «ҚАРЫССЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ ӨКІЛІ
Халықтың қойып жатқан сұрақтары да, яғни кешіктірілген несиеміз болған жағдайда қайда, қалай жүгінеміз, қандай шараларды қабылдаумыз керек? Ол үшін құжат дайындауда көмек көрсете аласыздар ма, деген мәселелерді көтерді. Бұл азаматтардың барлығын жақын аралықта жоба заңгерлерімен байланыстырып, әрмен қарай құжаттарына сүймелдеу жасайтын боламыз.
ДӘУЛЕТ ІЗБАСАРҰЛЫ – ЗАҢГЕР
Тұрғындарға Заң мен Тәртіп аясында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Тұрғындардың көп деген сауалдарына жауап бердік. Оның ішінде алаяқтық қылмыстарына қатысты құрбан болған тұрғындарға кеңес бердік. Бұндай істер бойынша әр ауылда кездеседі. Біз осы партия аясында оларға тегін құқықтық көмек көрсетеміз.
ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ
Шалғай елдімекендегі тұрғындардың денсаулығы маңызды мәселе. Аталмыш партияның бұл бағытта да бастамалары баршылық. Мәселен мына жылжымалы медициналық кешен арқылы ауыл тұрғындары тегін түрде тексерістен өте алады.
Жасыратыны жоқ, шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін емханаға барып, сапалы медициналық көмек алу әлі де қиындық тудырып келеді. Онда соңғы үлгідегі құрылғылар тапшы. Сондықтан дәл қазіргі уақытта ең қажетті құралдармен жабдықталған көшпелі медициналық кешендер ауыл халқының денсаулығын жақсартуда таптырмас тиімді шешім болып отыр.
АЙНА СӘРСЕНОВА – ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Ауданға бару бізге қиямет-қайым. Күнделікті бара алмайымыз ғой. Осы мүмкіндік бізге пайдалы болып тұр. Мен көзімді көрсеттім. Көзімде кінәрат бар екен. Дәрі-дәрімегін берді. Кеңесін берді. Онан қалды лорға көріндім. Өйткені құлағымда бірдемкелер шуылдайды. Барсам, ішінде бар екен. Оны тазартып алдым.
Иә, көпфункционалды кешендердің арқасында ауыл халқының түрлі ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік туып отыр. Мәселен, Қармақшы ауданы бойынша 10-нан астам ауылда 6 мыңға жуық тұрғын медициналық тексерістен өтті. Соның нәтижесінде 68 адамнан қауіпті дерттің алғашқы белгілері анықталды.
АЙЖАН БОЛАТБЕКҚЫЗЫ – АУДАНДЫҚ ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН МЕҢГЕРУШІСІ
Осы Тұрмағанбет ауылына келіп жатқанымызға осымен 3 рет. Осы кезге дейін оншақты адамды анықтадық. Артиллеарни гипертензия, сахарный диабет, анемия және де глаукома. Оларды ерте анықтап дәрігерлеріне жіберіп, мамандарға тапсырып, әріқарай тексеріс жүргізіп жатырмыз.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ Партиямыздың 26-31 жылға арналған сайлау алды бағдарламасында дені сау ұлт, жалпы денсауылықты нығайту мәселесі басты бағыттарымыздың бірі. Себебі адамның ауырып емделгеннен көрі, ауырмайтын жол іздеу алдын алу мәселесі адам денсаулығындағы скрининг жасау өте маңызды. Сол себепті тегін тексеріп жатыр.
Айта кетейік, партияның ұйытқы болуымен биыл облыста 45 мобильді қабылдау ұйымдастырылды. Қазіргі уақытқа дейін тұрғындар көтерген 181 мәселе оң шешімін тапты. Жалпы, қабылдау барысында 400-ге жуық азаматқа құқықтық, заңдық кеңестер беріліп, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тиісті көмек көрсетілді.