Шағын футбол: Түркістандық аяқдопшылар ҚР чемпионы атанды
#qyzylordatv
Әуесқойлар арасында шағын футболдан Қазақстан Республикасының он төртінші чемпионаты өз мәресіне жетті. Аладоп бәсекесінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 52 команда ел кубогын сарапқа салды. Чемпиондық ойынды облыс әкімі тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады.