Білім бәйгесінде топ жарды
#qyzylordatv
Қызылордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері «NIS-тің үздік мұғалімі» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Зерделі, зейінді оқушылардың да асығы алшысынан түсіп тұр. Олар инсульттен кейін қалыпқа келтіруге арналған медициналық құрылғы ойлап тауып, Стамбулда өткен байқауда екінші орынға ие болды. Сондай-ақ бұл жобаны дамыту үшін 5 мың АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияға қол жеткізді.
Байқауға еліміз бойынша 22 мұғалім қатысты. Кәсіби шеберлік сынға түскен жарыста педагогтер академиялық білім деңгейі ғана емес, сыни ойлауды, ұлттық мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылықты дамытуға да басымдық берді. Енді педагогтер өз мектебінің атынан байқаудың республикалық кезеңінде бақ сынайды.
АРАЙ НҰРБАЕВА, НЗМ МҰҒАЛІМІ
НИШ гран при иегері атанғандықтан республикалық кезеңге жолдама алдым, қазан айында ақтық кезеңге қатысқалы отырмыз. Алдын ала портфолио жасап, бейнесабақты жолдаған болатынбыз.Сонымен қатар эссе жазып, озық педагогикалық тәжірибемізді тартауға тысытық. Енді Астана қаласына барып жалпы білім беретін ұйымда, кез келген сыныпта сабақ береміз.
МИРА ДӨНЕНХОЖАЕВА, НЗМ МҰҒАЛІМІ
Біз қазір оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс істеудеміз. Себебі ақпараттық технология ғасырында, Тик ток, Инстаграм секілді әлеуметтік желілер ақпаратты жылдам тарату арқылы, оқушыларды көркем дүние оқудан алшақтатып отырғаны рас.
Зияткер оқушылар халықаралық деңгейдегі жарыстарда үздік екенін бұл жолы да дәлелдеді. 11-сынып оқушысы Ерасыл Айдарбек мектеп түлектерімен бірлесе отырып, геймификация негізінде инсульт алған науқастарды оңалтуға арналған «Remotion» (Ремоушн) жүйесін әзірледі. Бүгінде бұл жүйенің тиімділігі іс жүзінде дәлелденуде.
ЕРАСЫЛ АЙДАРБЕК –ОҚУШЫ
Жоба туралы айтатын болсам, жыл сайын елде 40 мыңнан астам адам инсульт алады. Бірақ одан кейінгі оңалту жүйесі қымбат. Бірақ көп адамдардың бұған қалтасы жетпейді. Соған арналған алтернатива жүйе ойлап тапттық...