Бір аптада 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
#qyzylordatv
«Заң және тәртіп» қағидатын нығайту басты назарда. Аймақта апта көлемінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты жүргізіп келеді.
Рейд барысында анықталған әрбір құқық бұзушылық бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда. Мәселен бір аптада көлікті мас күйінде басқарудың 9, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзудың 28 дерегі анықталған.
АРДАҚ ДОСЫҚ – ОПД ӘПБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ
Рейд барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтауға және түнгі заңсыз жарыстардың жолын кесуге ерекше мән берілді. Атап айтқанда, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланудың – 237, көлікті мас күйде басқарудың – 9, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктері мен мотошлемдерді пайдалану талаптарын бұзудың – 749, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзудың 28 дерегі анықталды. Түнгі уақытта жоғары жылдамдықпен қозғалып, өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін жүргізушілер де бақылауда