Ақтөбелік өнер ұжымы музыкалық кеш өткізді
#qyzylordatv
Қызылордаға Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы гастрольдік сапармен келді. «Өнер орталығында» өткен музыкалық кеште ақтөбеліктер Сыр сахнасын ән мен жырға бөледі.
Мәдени шараның басты мақсаты – екі өңір арасындағы шығармашылық байланыс пен өзара ынтымақтастықты арттыру, көрермен көңілін шалқар жыр, әуезді әнмен серпілту. Концертте ән сапармен келген ақтөбелік ұжымға құрмет көрсетіліп, алғыс хат табысталды.
ҒАЛЫМЖАН КҮЛБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
80 жылдан астам тарихы бар, Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы ұлттық өнерімізді ұлықтап, қазақ музыка мәдениетінің дамуына үлес қосып келе жатқан өнер ордасы. Ғасырлар сабақтастығын жалғаған дәстүрлі өнер мен кәсіби музыканы дәріптеп, көрерменге рухани нәр сыйлап ұжымның еңбегі еңбегі әрдайым құрметке лайық. Өнер арқылы екі аймақтың мәдени байланысын нығайтып, рухани құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған игі истеріңіз үшін барша ұжымға алғымды білдіремін.
Мәдени шараның атауы да ерекше. «Бұл ән емес. Бұл – сезім» деп аталатын музыкалық кеште мағынасы терең, мәні бөлек дәстүрлі жырмен қатар, эстрадалық әндер де шырқалды. Концерттің арнайы қонағы – талантты Сыр перзенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов. Белгілі вокал маманы бірқатар өнер иесінің, соның ішінде дүниені дүр сілкіндірген Димаш Құдайбергеновтің де ұстазы.
МАРАТ ӘЙТІМОВ – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, Ғ.ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ӘНШІСІ
Қызылорда облысының Жалағаш ауданы Ақарық ауылнда дүниеге келгнемін. Бұл гастрольдік сапар мен үшін өте маңызды десем артық айтпаған болар едім. Мен өзімнің еліме осыдан 12 жыл бұрын келіпппін.1.43 Біздің филармония тарихы тереңде жатқан көне филармонияның бірі. 85 жыл болды. Көршілес жатқан екі облыстың, өнер иелері арасында осындай келісім, достықтың болғаны жақсы деп есептеймін.
Концертте «Дауыс» әншілер ұжымы және Бейбіт Оралұлының шығармашылық орталығы өнер көрсетті. Көрермен ұлттық өнер арқылы тарихқа сапар шегіп, қарқынды музыкадан шабыт алса, сырлы, әуезді лирикалық әуендер де тыңдарманға ерекше әсер етті.
ЖҰЛДЫЗ НҰРҚАСЫМОВА – ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ, Ғ.ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ӘНШІСІ
Бұл концертте авторлық әндерімді орындадым. Ең бірінші әнім Киелі аққу деген.Ол әннің сөзі жазған қызылордалық Оңталап Базаралы деген ақын. Әнін жазған жергілікті сазгер Дулат Айтжанов....
Өнер – түсіндіруді қажет етпейтін, шекарасы болмайтын рухани құндылық. Ақтөбелік ағайынның ақ пейілі мен ыстық ықыласын жетікізген шығармашылық ұжым осылайша көрермен көңілінде ерекше әсер қалдырды. Айта кету керек, мұндай мәдени шаралар өңірлер арасындағы ынтымақтастықты арттырып қана қоймай, ұлттық мұрамызды да насихаттауға жол ашады.