Негізгі Жаңалықтар Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды

Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды

#qyzylordatv 

Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданың елімізге сапары аясында Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысы өтті. Басқосуда оннан аса келісім жасалды. Сондай-ақ, мәртебелі меймандар Әлем эйай халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады. Ал, білім саласына арналған жиында Қазақстан мен Бельгия арасындағы байланыс айтылды.


 Іскерлік кеңестің төртінші отырысы. Қазақстан мен Бельгия тарапы сан түрлі сала бойынша келісім жасап, серіктестікті одан әрі арттыра түспек. Алмасқан құжаттардың басым бөлігі – ауыл шаруашылығы саласына бағытталған.


 Мемлекет басшысы Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында мәртебелі меймандарға ілтипат білдірді. Президент король мен патшайымның осы іс-шараға қатысуы тату достық пен екіжақты серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға деген ортақ ұмтылысты көрсететінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіретінін айтты.


 Президент көлік-логистика қарым-қатынасты нығайтатын негізгі бағыттардың бірі саналады деді. Қазақстан өнімділікті арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, сондай-ақ су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға баса мән беретінін айтты. Сондай-ақ, инвестициялық климатты жақсарту, заңнаманы жетілдіру, адал бәсекені қорғау және инвесторлармен тікелей диалог өрбіту бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды. Ал, Король Филипп Брюссельде және Астанада Еуропа мен Орталық Азия арасындағы байланыстарды нығайтуға қажетті алғышарттардың барлығы бар екенін атап өтті.


 Іскерлік кеңестің төртінші отырысында оннан аса келісім жасалды. Тараптар серіктестіктің арта түсенініне сенімді.


 Әлем-ай орталығымен танысқаннан кейін білім саласына арналған жиын өтті. Бұл бағытта да Қазақстан мен Белгия арасындағы байланыс көп.


Бөлісу