Негізгі Жаңалықтар Ел экономикасы 4,2 пайызға өсті

Ел экономикасы 4,2 пайызға өсті

#qyzylordatv 

Мұнай өндірісі төмендесе де, ел экономикасы биыл 4,2 пайызға өсті. Өсімнің негізгі қозғаушы күші – өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, көлік және ауыл шаруашылығы. Ендігі міндет, осы қарқынды сақтап, өндірісті ұлғайту, инвестиция тарту және инфляцияны тежеу.


 Мұнайға байланған экономиканың жібі әлі де жіңішке. Биыл тоғыз айда мұнай өндіру көлемі 8 пайызға төмендеп, 69 миллион тоннадан сәл-ақ асқан.


 СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ 

Аталған факторларға қарамастан, Қазақстан экономикасы өсуін жалғастыруда және оң динамиканы көрсетуде. Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,2%-ды құрады. Экономиканың өсуі шикізатқа қатысты емес сектор есебінен қамтамасыз етілді, ол бағалау бойынша 5,4%-ға өсті.


 Министрлердің сөзінше, биыл экономиканы өңдеу өнеркәсібі, құрылыс пен сауда саласы алға сүйреді. Экономиканың тамырына қан жүгірткен тағы бір фактор – инвестиция. Тоғыз айда елге 16 триллион теңгеден астам қаржы тартылды.


 МӘДИ ТАКИЕВ – ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ 

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 20,2 трлн теңгені құрап, жоспар 98,5%-ға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 16,3%-ға жетіп, 2,8 трлн теңгені құрады.Бұл ретте өткен жылмен салыстырғанда салық түсімдері 3 трлн теңгеге артып, жалпы өсім қарқыны 130,3%-ды құрады.


 ОЛЖАС БЕКТЕНОВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ  

Экономикалық өсім барынша теңгерімді әрі сапалы сипат алып келеді. Бұл еліміздің өндірістік әлеуетін одан әрі кеңейту үшін негіз қалыптастыруда. Үкімет пен Ұлттық Банктің үйлесімді жұмысы инфляциялық қысымды төмендетуге мүмкіндік берді. 9 айдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады. Биыл басты міндет – инфляцияны 10%-дан төмен деңгейінде ұстап тұру.

Бөлісу