Бүгін өңірімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды "Қызылорда" телеарнасы.
Білім бәйгесіне облыстағы 225 мектеп қатысуға ниет білдірсе, соның ішінен 5500 бала іріктеліп алынған. 9, 10, 11-ші сынып оқушылары арасындағы республикалық олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бағытында өтіп жатыр. Үш кезеңнен тұратын білім додасында оқушылар алдымен таңдау пәндері бойынша тест тапсырып, солардың ішінен үздіктері анықталады. Іріктеуден өткені келесі кезеңге жолдама алады. Барлық кезеңнен сүрінбей өтіп, үздік атанған оқушы республикалық сырттай оқу мектебіне қосымша білім алу мүмкіндігіне ие болады және жалпы білім беретін пәндер бойынша ұлттық олимпиадаға жолданады. 

АСҚАРБЕК ЕСЖАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

"Ғылым мен техника ғарыштап дамыған қазіргі қоғамда білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақтың алатын орны ерекше. Себебі, білімді ұрпақтың қоғамға тигізер әсері қай қоғамда болмасын өзектілігін жойған емес.+++сондықтан сіздерге сәттілік тілеп, жолдарыңыздың ашық болуына тілектестігімді білдіремін."

БАЯН НИЯЗОВА – «ДАРЫН» ОБЛЫСТЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

"Алғашқы кезеңде оқушылар академиялық адалдық алаңын сақтай отырып, тікелей көрсетілім бар сол арқылы қазылар алқасы жұмыстарына баға беретін болады. Оқушы бір камера, бір парта, бір сынып қағидасы бойынша тапсырмалардың барлығын орындайды. Бірінші кезең 29-шы қарашаға дейін жалғасады."