Дронмен мониторинг нәтижесінде қала маңындағы карьердің бірінен қиыршық тас пен құмды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды.

Бұл жәйтті мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін заңсыз қазу деректерін бақылауға алған мониторингтік топ кезекті рейд барысында анықтады. Ұшқышсыз ұшу аппаратын әуеге көтергенде қарьердің бірінен жүк көтергіш ауыр техниканың екінші бір жүк көлігіне құм тиеп жатқанын байқаған. Аталған заң бұзушылыққа қатысты тиісті шара қабылдау үшін жинақталған материалдар облыстық экология департаменті мен көліктік бақылау инспекциясына жолданды.