Үкімет басшысы Олжас Бектенов, мемлекеттік органдарға Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет еліміздің Ата Заңын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазіргі таңда сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Конституцияның барлық баптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Премьер-министр Мәдениет және ақпарат министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, осы бағыттағы жоспарлы жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды. Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне өз алдына бөлек назар аударылды. Олжас Бектенов ол бойынша білім беру саласындағы министрліктерге тапсырма берді.