Спорттан ақжолтай ақпар! Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен Азия және Мұхит аралық чемпионатта Сырдың Снежаннасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Халықаралық додада жерлесіміз Снежанна Бойко 45 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жекелей сында да, жалпы қорытынды бойынша да топ жарып, чемпион атанды. Сонымен қатар, ол 78 келі нәтижемен жастар арасында Азия рекордын жаңартты.